Басқа

Қазақстандық велошабандоз Әлем чемпионы атанды

Аустралияның Жаңа оңтүстік Уэльс штатындағы Вуллонгонг қаласында велоспорттан Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Санаулы сәттер бұрын 170 шақырымға созылған топтық жарыста отандасымыз Евгений Федоров жеңіске жетті. Айта кетейік, осыған дейін 23 жасқа дейінгі велоспортшылар арасында 2012 жылы Алексей Луценко әлем чемпионы атанған. Евгений Федоров – Қазақстаннан шыққан 2-жеңімпаз.

Аустралиядағы Әлем чемпионаты 25 қыркүйекте аяқталады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button