Теннис

Қазақстандық теннисші юниорлық Уимблдонның екінші айналымына шыға алмады

Қазақстандық спортшы Сандуғаш Кенжібаева жекелей сында америкалық Алексис Блохинадан 3:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды. Біздің теннисші үшін биылғы Уимблдон мансаптағы алғашқы турнир. 

Жеңілгеніне қарамастан, Сандуғашта Аружан Сағандықова мен Жанель Рүстемова сияқты осы беделді жарыстың жұптық дәрежесінде өзін көрсетуге тамаша мүмкіндік бар.

Кенжібаева Рүстемовамен, ал Аружан сербиялық Андреа Обрадовичпен дуэтте ойнайды. Жұптық разрядтың жеребесі бүгін тартылады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button