Басқа

Қазақстандық спортшы Самарқандта жүзуден Азия чемпионатында қола жүлде иегері атанды

Бүгін, 22 қыркүйекте Самарқанд қаласында (Өзбекстан) ашық суда жүзуден 10-шы Азия чемпионаты басталды.

5 км қашықтықта Мария Федотова қола медаль жеңіп алды. Жапондық спортшы Юкими Морияма алтын алса, Гонконг спортшысы Цзы Инь Нип күміс жүлдегер атанды.

Қазақстандық Диана Тасжанова мен Ирина Архипова тиісінше бесінші және жетінші орындарды иеленді.

Ерлер арасында 5 км қашықтықта қазақстандық жүзушілер Виталий Худяков (6 орын), Ғалымжан Балабек (7 орын), Лев Черепанов (8 орын) үздік нәтиже көрсетті.

Жарысқа 13 ел қатысуда: Қазақстан, Бангладеш, Қытай Тайпэйі, Гонконг, Ирак, Жапония, Үндістан, Оман, Тәжікстан, Кувейт, Палестина, Иран және Өзбекстан.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button