Хоккей

Қазақстанда 2027 жылы хоккейден әлем чемпионаты өтуі мүмкін

Қазақстан 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізуге өтінім берді.

Халықаралық хоккей федерациясына 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізуге Қазақстан, Германия және Норвегиядан үш өтінім өтті.

Біздің еліміз бұған дейін топ-дивизион турнирлерін өткізген жоқ. Бірақ Қазақстанда жарысты қабылдауға дайын екі үлкен мұз кешені бар – сыйымдылығы 11400 орындық «Барыс Арена» және 12500 орындық «Алматы Арена». ҚХЛ-да өнер көрсететін «Барыстың» үй алаңы бірінші дивизионның А тобында 2019 жылғы әлем чемпионатын қабылдады. «Алматы Арена» хоккей турнирі өткен Қысқы Универсиада-2017 үшін салынды.

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button