Бокс

Қазақстан Сербиядағы бокстан турнирде бір алтын жеңіп алды

Бокстан Қазақстан құрамасы Белградта (Сербия) өткен Бранко Пешич мемориалының Beogradski Pobednik  халықаралық турнирінде бір алтын медальді жеңіп алды,

Елге жалғыз «алтынды» Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг) әкелді. Турнирдің күміс жүлдегерлері Олжас Байниязов (54 кг), Нұржан Аманкелді (71 кг) және Ильяр Әшіров (75 кг) болды. «Қоланы» Теміртас Жүсіпов (51 кг), Қуаныш Дүйсенбай (51 кг), Дәулет Молдашев (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Саматәлі Толтаев (60 кг), Дәулет Нысанұлы (67 кг), Армат Арманұлы (71 кг) және Мәди Әміров (86 кг) жеңіп алды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының Белградтағы турнирге берген өтінімінде барлығы 21 боксшы: 20 ер адам және бір әйел адам болған.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button