Басқа

Қарағандылық спортшы жеке велошеруде 450 шақырым жүріп өтті

Белгілі веломарафоншы Ернат Мелсұлы Нұр-Сұлтаннан Қарағандыға және кері қайту шеруін Кенесары ханның 220 жылдығына арнады.

Спорттық-патриоттық іс-шара екі кезеңнен тұрды. Велошабандоз өзінің марафонын Елордада Кенесары хан ескерткішінен бастады.

Шеру Қарағандыда Тәуелсіздік стеласының алдында аяқталды.

Мұнда оны жас велосипедшілер мен қала белсенділері қарсы алды. Қашықтық 225 км 420 м құрады.

«Кенесары – Қазақстанның көрнекті тұлғаларының бірі. Оның бүкіл өмірі өз еліне, жеріне қызмет етуге бағытталды. Мұндай қайраткерлерді жастар білулі үшін насихаттау керек. Жалпы уақыт – 13 сағат 43 минут. Оның ішінде 10 сағат 7 минут велосипедпен жүрдім. Тас жолда көптеген аялдамалар болды. Адамдар сұрақтар қойып, олармен суретке түсуді сұрады», – дейді Ернат Мелсұлы.

Екінші кезеңде Ернат Мелсұлы Нұр-Сұлтанға аттанды.

Велосипедші өзінің саяхатын Тутұғырдан бастап Теміртаудағы Әлихан Бөкейхан атындағы орталық мешітке барды.

Кері жол ұзағырақ болды. 20 сағат ішінде 228 шақырымды бағындырды.

«Оның ішінде 13 сағат 17 минутта мен велосипедпен жүрдім. Барлық деректер халықаралық сертификатталған Strava мобильді қосымшасының көмегімен есептелді және жазылды. Веложарыс Ақорда алдында түнгі сағат екіде аяқталды. Мені жұбайым мен досым қарсы алды», – дейді Ернат Мелсұлы.

Спортшы Әзірбайжан – Грузия – Түркия халықаралық марафонын өткізуді жоспарлап отыр.

Ернат Мелсұлы – «Толық адам һәм төрт даму» идеясының авторы. Бұған дейін ол Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай Нұр-Сұлтан – Жидебай бағыты бойынша және «Оразаға 99 шақырым» велошеруін өткізді. Биыл Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай елімізде алғашқы қысқы велошеруді ұйымдастырып, 150 шақырымды бағындырып, Қазақстан рекордын орнатты.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button