Басқа

Омыртқасы зақымданған спортшылар арасында үстел теннисінен ел чемпионаты өтіп жатыр

Орал қаласында үстел теннисінен тірек-қимыл қозғалыс аппараты зақымданған спортшылар арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр.

БҚО мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының директоры Әскербек Нұрмұханов мәлім еткеніндей, жекелей сында ел біріншілігінің жеңімпаздары анықталды.

Ерлер арасында кластар бойынша мына спортшылар чемпион атанды: 1 класс – Аманкелді Рашқалиев, 2 класс – Мәди Имаков, 3 класс – Ерлан Қазиев (бәрі де Атырау), 4 класс – Владимир Каплич (Павлодар), 5 класс – Мейірбек Өтепов (Ақтау), 6 класс – Евгений Быков (Қарағанды), 7 класс – Азамат Оразбек (Жетісу), 8 класс – Әли Мақұлбеков (Атырау), 9 класс – Талғат Әрекеев (Павлодар), 10 класс – Айдын Алдаберген (Ақтөбе).

Әйелдер арасында жеңіс тұғырына көтерілгендер: 1 класс – Екатерина Федоренко (ШҚО), 2 класс – Галия Беспалая (Павлодар), 3 класс – Наталья Курдюкова (Ақмола), 4-5 класс – Анастасия Степанова (Нұр-Сұлтан), 6-7 класс – Флора Ем (Жамбыл), 8 класс – Балзия Таш (Нұр-Сұлтан), 9 класс – Эльдана Бадуова (Жетісу), 10 класс – Алтынай Ержанқызы (Нұр-Сұлтан).

Батыс Қазақстан облысынан Жанбол Ғалиев, Гүлмира Батпақұлова және Гүлмира Жанғалиева үздік үштікке ілікті.

«Спортшылар ауру түрлеріне байланысты кластарға бөлінеді. Мысалы, қолы жоқтар өзара бөлек сынға түседі. Аяғы жоқтар бөлек сайысады. Қазіргі кезде командалық біріншілік өтіп жатыр. 8 шілдеде мәресіне жететін ел чемпионатына еліміздің 15 өңірі мен қаласынан келген 114 спортшы қатынасады», – деді ҚазАқпарат тілшісіне Ә. Нұрмұханов.

 

Дереккөз:  ҚазАқпарат

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button