БастыҚысқы спортМақала

Неге Нидерланд елі коньки спортының көшбасшысы саналады?

Конькимен жүгіру спортында Нидерланд еліне тең келер ешкім жоқ. Бейжің Олимпиадасында олар 6 алтын, 4 күміс және 2 қола жүлде жеңіп алды. Неге олар басқа елдерден басым болды? Осы сұрақтың жауабын іздеп көрейік.

Коньки бұл елде бұқаралық спорт түрі саналады. Жылына 250 мың бала осы спортпен мектепте шұғылданып көрсе, 600 адам өзендер мен каналдардағы мұзды күтіп-баптауды үйренуге дайын екен.

Негізі конькимен мұзда жүруді голландтықтар ойлап тапқан. Тарихшылардың айтуынша, қазіргі Нидерландының аумағында алғашқы коньки ІХ ғасырда пайда болған. Автомобиль мен пойыз дәуірі келмес бұрын, қыста коньки тебу арқылы қашықтықтарды қысқартуға мүмкіндік туған. Фермерлер мұзға қатқан өзендер мен каналдарда конькимен жүре отырып, тауарларын қаладағы жәрмеңкелерге апарған екен. Ал енді сандарға тоқталайық.

• 2,5 миллион адам (Нидерланд халқының 14%) қыс сайын табиғи мұзда коньки тебуге шықса, 55 000 адам жылына 12 реттен аса коньки тебеді

• жылына 250 000 бала мектеп қабырғасында жүріп, коньки тебумен танысады. Конькимен жүгіру спорты федерациясының арнайы бағдарламасы бар. Мектеп өтініш береді, ал федерация оқу ордасына барып  2-3-сағаттық дәріс өткізеді. Сабақ барысында балалар коньки киіп, осы спорттың қыр-сырын үйренеді. Түрлі ойындар арқылы олардың қызығушылығын арттырып, бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздары беріледі.

Мектептегі сабақтардан кейін осы спортқа барған балалар үшін ыңғайлы FUNdamentals дайындық жүйесі қарастырылған. Ұлдар 4-тен 8 жасқа дейін, 9 жастан асқан қыз балалар ешқандай жарыссыз коньки тебуді үйренеді. Барлық жаттығулар топпен өткізіліп, үйлесімділіктің негіздері қаланады.

Ұлдар 15 жастан, ал қыздар 16 жастан бастап  жарыстарға қатыса бастайды. Соның өзінде мәредегі секундтарға емес, техникалық шеберлікке мән беріледі. Федерация үздік юниорларды елдің 5 аймағындағы топтарға жинақтап, орталықтандырылған оқу-жаттығу жиындарында олардың аяқ алысын үнемі бақылап отырады.

• шағын ғана елде жасанды төсеніші бар 22 мұз айдыны жұмыс істейді.

• 2021 жылдың соңында 600 адам «Табиғи мұз шебері» курсына жазылыпты. Елде 450 жергілікті қауымдастық щағын әуесқой мұз айдындарымен айналысады. Яғни, коньки тебу алаңдарын стандарттарға сай етіп құрады. Бірақ орташа температураның жоғарлауы мен суық мезгілдің қысқаруына орай шеберлер жетіспей жатады. Бұрын адамдар күте тұруға дайын болса, қазір олардың жақын жерде коньки тебуіне уақыты жетпейді.  Сондықтан федерация осындай курсты ұйымдастырған.

• 25 000 мыңнан астам адам конькимен жүгірудегі нәтижелерімен федерация жасауға ат салысқан Sprint App қосымшасы арқылы тұрақты түрде бөлісіп тұрады. Ол жерде достарыңмен жарысуға, нәтижелерді салыстыруға мүмкіндік бар. Тіпті терең сараптама жүргізуге жол ашатын арнайы чиптер де сатылады.

Нидерландыда конькимен жүгіру спортын ұйымдастыру біздің елдегідей емес. Оны Олимпиада ойындарының алты дүркін жүлдегері (2 күміс, 4 қола) Ринтье Ритсма есімді спортшы өзгерткен. 1995 жылы ол базалық айлықтың өсуі мен демеушілердің жарнамасын спорттық киіміне орналастыру мүмкіндігін күтпей, федерация ұстанған шартқа сәйкес жарысудан бас тартып, өзінің агенті және косметикалық брендпен бірлесіп Sanex атты бірінші кәсіби клубты ашқан.

Спортшы мен федерация арасындағы осы коммерциялық соғыс елдегі конькимен жүгіру спортын түбегейлі өзгертті. Демеушілік клубтар бірінен соң бірі ашыла бастайды. Агенттердің сыйақылары өсіп, клубтар арасындағы қызу бәсекелестік түрлі технологиялар, жаттықтырушылық әдістемелерге сұранысты арттырды.

Бүгінде федерация үкіметтен қаржы алмайды. Өзі ақша табады. Індет кезіндегі 2020/21 жылдардағы маусымның өзінде 9,5 миллион еуро табыс тапқан. Әдетте бұл сома 12 млн еуродан асады. Бас демеушілер – кондициялау жүйесін өндіруші Daikin компания мен Нидерланд елінің жекеменшік лотереясы. Holland&Barrett дүкені конькимен жүгіру марафондарына ақша берсе, Lynk & Co автомобиль жасаушы комапния шорт-трек спортын қаржыландырады.

Спортшылар федерация немесе өңірдің атынан емес, бюджеті 1 млн еуродан басталатын кәсіби клубтардың намысын қорғайды. Мәселен, 2022/23 жылдардағы маусымда акты осындай алтын команда, 5 өңірлік даму құрамасы мен ұлттық жастар құрамасы бақтарын сынап жатыр. Клубтың лицензиясының құны 100 мың еуродан басталады.

Херенвендегі «Тиалф» арена осы спорт түрін көріп жүрген әрбір жанкүйерге жақсы таныс. Бұрын бұл тек мұз айдыны болса, бүгінде бұл жер ресми түрде Инновациялар зертханасы.

Жергілікті Олимпиадалық комитет пен Федерация осы зертхананың ашылуына мұрындық болған. Зертхана бірнеше унирверситеттермен тығыз жұмыс істейді.

Осы елдің тағы бір ерекшелігі спортшылардың Олимпиада цйындарына іріктелу жүйесін айтуға болады. Барлық елдерде әлем кубогында, ішкі чемпионатта сәтті өнер көрсетіп, Олимпиада жолдама алуға болады. Бірақ, Нидерланд елінде олай емес.

Төрт жылдық додаға аттанатын спортшылар тізіміне ену математикалық модельге байланысты екен. Оның  мақсаты ел үшін мейлінше көп медаль алып беруге қауқары бар құрамды жасақтау. Басымдылық әмбебап спортшыларға беріледі. Сол себепті спринтер Дай Дай Нтаб Бейжіңге бара алмаған. Ол желтоқсан айындағы ішікі іріктеу жарысында 500 метр қашықтыққа жүгіруде екінші орын алған екен. Басқа елде болса осындай нәтиже Олимпиада жолдама берер еді. Бірақ, жоғарыда айтқан мындағы математикалық модель, оның Бейжіңде сәтті өнер көрсету ықтималдығы бәсеклестерінен төмен екенін көрсетіпті.

Міне осындай жүйелі жұмыстың арқасында Еуропадағы шағын ғана ел әлемдік жарыстарда екшімге дес бермей келеді.

Дереккөз: Sports.ru

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button