Бокс

Мұсәділовтің келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Бірінші ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Серік Мұсәділовтің (11-0, 9 КО) келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды.

Boxrec.com порталының хабарлауынша, Серік Мұсәділов 25 маусымда Дулут қаласында (Джорджия, АҚШ) өтетін бокс кешіне қатысады. Қарсыласы әлі анықталған жоқ.

Серік Мұсәділовтің бұған дейінгі жекпе-жегі 2021 жылы 20 қарашада Майамиде (Флорида, АҚШ) өткен болатын. Онда 27 жастағы павлодарлық боксшы америкалық Дастин Лонгты (6-3-2, 4 КО) жеңді.

Дереккөз: prosports.kz

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button