Басқа

Марлен Жұмағұл Грузияда өткен үстел теннисінен жасөспірімдер арасындағы турнирде күміс медаль жеңіп алды

Тбилисиде (Грузия) үстел теннисінен WTT Youth Contender турнирі өтіп жатыр.

Жарысқа қазақстандық спортшылардан бөлек әр түрлі жас топтарында Армения, Әзірбайжан, Бельгия, Египет, Грузия, Голландия, Гонконг, Үндістан, Иран, Йемен, Қазақстан, Катар, Тайбэй, Сауд Арабиясы, Мексика, Швеция, Біріккен Араб Әмірліктері, Украина, Өзбекстан спортшылары өнер көрсетуде.

11 жасар Марлен Жұмағұл (Түркістан) күміс медальді жеңіп алды.

Ширек финалда Дінмұхаммед Қасенов (Астана), Ескендір Харки (Жамбыл облысы), Тимофей Герасименко (Астана), 1/8 финалда Нұрбол Тоқтамыс (Астана), Бақдәулет Сауырбай (Шымкент), Нұрислам Қасым (Шымкент), Қадырәлі Қабдылуахитов (Павлодар облысы), Рамазан Нәзір (Түркістан) шығып кетті.

Енді 23-25 қыркүйек аралығында турнирде қыздар ойнайды.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button