Оралбай мен Тәшкенбайға Астана әкімдігі пәтер берді

 Оралбай мен Тәшкенбайға Астана әкімдігі пәтер берді
Бокс

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында бокстан әлем чемпиондарына пәтер кілті табыс етілген мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап BasSport.kz.

Елордалық боксшыларымыз 2023 жылғы Ташкентте өткен әлем чемпионатында үлкен нәтижелерге қол жеткізді. Санжар Тәшкенбай мен Нұрбек Оралбай алтын жүлдегер атанды! Бүгін оларға демеушілер есебінен үш бөлмелі пәтердің кілттерін табыс еттік. Сол сияқты жаттықтырушылардың да еңбегін назардан тыс қалдырмадық. Бұл жеңістің артында үлкен еңбек пен үздіксіз дайындық, спортшылардың өзіне деген сенімділігі жатыр! Боксшыларымыздың ары қарай да биік белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көріне беруін тілеймін! – деп жазды елорда әкімі.