Андрес Иньеста «Виссел Кобемен» қоштасты

Андрес Иньеста «Виссел Кобемен» қоштасты
Футбол

Андрес Иньеста маусымның соңында «Виссел Кобеден» кетеді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Аты аңызға айналған испаниялық футболшы 1 шілдеде Жапония клубының сапында соңғы матчын өткізеді. Ал 6 маусым күні «Барселонамен» жолдастық кездесу ұйымдастырылады.

Мен әлі де футбол ойнап, жарыстарға қатысқым келеді. Зейнетке осы клубтан кетемін деп ойлайтынмын, дегенмен менеджердің басқа жоспары бар екен. Клубтан кету туралы шешімім – ортақ шешім, - деді 39 жастағы футболшы.

Иньеста «Барселонаға» оралу туралы да пікір білдірді.

Бұған дейін айтқанымдай, өмірімнің бір бөлігінде «Барселонаға» оралғым келеді, бірақ бұл әлі алыс деп ойлаймын, - деп қосты Иньеста. Иньеста 2018 жылы «Барсадан» кеткеннен кейін «Виссель Кобе» сапын толықтырды. Жапон клубы сапында ол 133 матчта 26 гол соғып, 25 нәтижелі пас берді.