Василий Жировтың есімі АҚШ-тың Даңқ залына жазылды

Василий Жировтың есімі АҚШ-тың Даңқ залына жазылды
Бокс

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лонг-Бич қаласында өткен салтанатты іс-шара барысында «Даңқ залына» еліміздің атақты боксшысы Василий Жировтың есімі енгізілді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Отандасымыз әуесқой рингте ол жастар арасында КСРО және Еуро­па чемпионы атанды. Ересектер арасында 1993 және 1995 жыл­дардағы әлем чемпионаттарында қола медальді қоржынға салды. 1996 жылы Ат­лантада алауы тұтанған Олим­пияда ойын­дарында бас жүлдені олжалап қана қоймай, ең үздік боксшыға тиесілі Вэл Баркер кубогін де төбесіне көтерді. 1995 жылы Азия чемпионы да болған.

Василий Жиров 1997 жылы кәсіпқой боксқа ауысқан. IBF (1999-2003) чемпионы атанды. WBС ұйымының екінші дәрежелі титулын иеленеді (1998). WBС тұжырымы бойынша Америка чемпионы (1999), WBO тұжырымы бойынша Солтүстік Америка бокс ұйымының чемпионы (2003) болды.

Кәсіпқой бокста 38 айқаста жеңіске жеткен. Оның 32 жекпе-жегін нокаутпен жеңді. Үш рет жеңіліп, бір рет тең түскен.