Қазақстанда ойнаған екі хоккейші ЖХЛ клубына ауысты

Хоккей
Жоғары хоккей лигасында ойнайтын Санкт-Петербургтің «Динамо» клубы шабуылшылар Кирилл Беляев пен Алексей Зубовты қатарына қосқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BasSport.
Кирилл Беляев өткен маусымда «Сарыарқа» сапында ойнады. Маусымдағы 42 матчында ол 20 (11+9) ұпай жинады. 25 жастағы ресейлік форвард Қазақстанда 2020-2021 маусымынан бастап өнер көрсетті. Қарағанды клубынан бөлек ол «Теміртау» сапында да ойнаған.
Алексей Зубов өткен тұрақты чемпионатта «Торпедо» құрамында 25 матчта 13 (6+7) ұпай жинады. Содан кейін ол «Арланға» ауысып, 15 матчта 12 (4+8) ұпай жинады.