Дзюдо: екі спортшымыз жарыс жолына шығады

Дзюдо: екі спортшымыз жарыс жолына шығады
Дзюдо

Дзюдодан Катар астанасы Дохада өтіп жатқан әлем чемпионатының төртінші күнінде екі қазақ спортшысы жарыс жолына шығады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Әйелдер арасында 70 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Анастасия Маякова Пуэрто-Рико спортшысы Мария Переспен шеберлік байқасады. 

Екінші спортшымыз 90 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Дидар Хамза бірінші жекпе-жегін молдовалық Дорин Готонагаға қарсы өткізеді.

Әлем біріншілігінің іріктеу сайыстары Астана уақытымен 13:30-да басталады. Спортшыларымызжың жекпе-жегін Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.