Әлем чемпионаты:Абиба мен Ғалия үшінші айналымға өтті

Әлем чемпионаты:Абиба мен Ғалия үшінші айналымға өтті
Дзюдо

Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан әлем чемпионатында қос қазақ қызы үшінші айналымға өтті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Ғалия Тыныбаева мен Абиба Әбужақынова 48 келіге дейін салмақтың үшінші айналымында. Ғалия алдымен әзербайжандық Конуль Әлиеваны, одан кейін Оңтүстік Корея өкілін мерзімінен бұрын жеңді. Енді Франциядан келген Бландин Понмен жолығады.

Абиба болса, израильдік Малька Тамардан басым түсті.