Қазақстандық боксшы мексикалық қарсыласын нокаутпен ұтты (видео)

Қазақстандық боксшы Евгения Павлов кәсіпқой бокстағы оныншы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды BasSport.kz

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін жерлесіміз Гвадалахарадағы (Мексика) бокс кешінде өнер көрсетті. Ол бұл айқаста жергілікті Кевин Родригес Гарсияны нокаутпен ұтты.

Павлов WBA International белдігінің иесі. Сонымен қатар ол Сауль "Канело" Альвареспен бір залда жаттығу жасайды.