Әлем кубогы: Милад Карими еркін жаттығуда үздік деп танылды
Мысыр астанасында спорттық гимнастикадан Әлем кубогының қорытынды кезеңі өтті, деп хабарлайды BasSport.kz.
Қазақстан гимнастика федерациясының мәліметінше, Милад Карими үздік танылған.
Каирдегі Әлем кубогы кезеңінде жылдың үздік гимнастшылары анықталды. Қорытынды есепте Милад Карими – еркін жаттығу бойыншы Әлем кубогының үздігі, - делінген.
Бұған дейін Милад Бакуде өткен Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алған.