Румыниядағы сенсация: Жібек Құламбаева WTA 250 турнирінің финалына шықты
Теннис
ҚТФ
Жібек Құламбаева Румыниядағы WTA 250 турнирінің басты фавориттерін жарыс жолынан шығарып, финалға өтті, деп хабарлайды Bassport.kz.
Жартылай финалдық бәсекеде қазақстандық-армениялық жұп турнирдің 1-ракеткалары Магали Кемпен (Бельгия) және Александра Пановаға (Ресей) қарсы кортқа шықты. 1 сағат 50 минутқа созылған шиеленісті кездесуде Құламбаева мен Чараева бірінші сетті 6:4 есебімен өз пайдасына жазды.
Екінші партияда тартысты тай-брейкте (7:3) жеңісті жұлып алып, матчты сәтті аяқтады. Ойын барысында олар 7 брейк-пойнттың 6-уын тиімді пайдалана білді.
Енді отандасымыз бас жүлде үшін Хромачева (Ресей)/Детюк (Чехия) немесе Малечкова/Скох (Чехия) тандемдерінің жеңімпазымен кездеседі.