Голубев пен Недовесов Хьюстондағы турнирдің ширек финалына шықты
Қазақстандық теннисшілер Андрей Голубев пен Александр Недовесов Хьюстондағы (АҚШ) ATP 250 сериялы турнирді сәтті бастады, деп жазады BasSport.kz.
Жерлестеріміз Джонатан Эйссерик (Франция)/Дэвид Пел (Нидерланд) жұбынан басым түсті – 2:6, 7:6 (7:5), 10:4. Турнирдің ширек финалында Андрей мен Александр Андре Горанссон (Швеция) мен Бен Маклакланға (Жапония) қарсы ойнайды.
Сондай-ақ Денис Евсеев Сан-Луисте (Мексика) өткен Челленджер сериясының екінші айналымына шықты. Бірінші раундта қазақстандық екі сет қорытындысы бойынша доминикандық Ник Хардтты жеңді – 7:5, 7:6 (7:1).