Комаға түскен қазақстандық боксшы рингке қашан оралатынын айтты
Бокс
Танымал қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы рингке қашан оралатынын айтты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Instagram әлеуметтік желісінде боксшының оқырмандарының бірі:
”Ассалаумағалейкүм, батыр! Рингке қашан ораласың? Сенің жекпе-жектеріңді сағындық”, - деп сұрақ қойды.
Айдос Ербосынұлы оған:
”Әзірге қайта оралуға дайын емеспін. Несін жасырайын, өзім де сағындым”, - деп жауап берді.
Айта кетейік, өткен жылдың қарашасында қазақстандық былғары қолғап шебері кубалық Давид Моррельден нокаутпен жеңілген, жекпе-жектен кейін жасанды комаға түсіріліп, АҚШ-та ота жасалған еді.