Дани Алвес түрмеде аштық жариялады

Дани Алвес түрмеде аштық жариялады
Футбол

Әлемде ұтқан жүлдесі жөнінен бірінші орында тұрған бразилиялық Дани Алвес әйелі Жоан Сан ажырасуға шешім қабылдағанын естіген соң, аштық жариялады деп хабарлайды bassport.kz.

Cuatro TV телеарнасының мәліметінше, Дани әйелінің шешімін естіген соң, ештеңе жемеген. Ол қатты уайымдағаннан жүйкесі сырт беріп, камерасынан шықпай отыр екен. Ешкіммен сөйлесуге де зауқысы жоқ. Алвес пен Санс 2015 жылдан бері кездесе бастаған.2017 жылы отбасын құрған.

Айта кетейік, Алвес қыз зорлады деп айыпталған соң, Санс бірге түскен суреттерін әлеуметтік желіден өшірді. Сосын ажырасуға өтініш берді.

Алвес – әлемдегі ең титулды футболшы. Ол 46 трофей жеңіп алған. Әсіресе, «Барселона» сапындағы 2008-2016 жылғы кезең карьерасындағы сәтті жылдар болып саналады. Испания клубымен ол мүмкін болатын титулдың бәріне ие болды.