Рахмоновтың салмағындағы әлем чемпионы мәлімдеме жасады

Рахмоновтың салмағындағы әлем чемпионы мәлімдеме жасады
Жекпе-жек

UFC лигасындағы жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы, британиялық Леон Эдвардс америкалық Камарудин Усманмен кездесуге қатысты ойымен бөлісті, деп хабарлайды bassport.kz.

Аталған жекпе-жек UFC 286 аясында бүгін түнде Лондонда өтеді.

Сенбі күні өзімді жақсы жағымнан көрсету үшін октагонға шығамын. Менің уақытым келгенін Усман да сезеді деп ойлаймын. Осының алдындағы жекпе-жекте таулар әсер етті. Усман жақсы спортшы, бірақ мен одан мықтырақпын. Өз күшіме сенімдімін. Ақымақ емеспір. Осы жерде болуым мәртебе. Бұл кездесу үшін көп жұмыс істедім. Енді сенбінің кешінде менімен мақтанатын боласыздар, - деді Эдвардс баспасөз мәжілісінде.

Екеуінің арасындағы алғашқы кездесуде Леон Эдвардс жеңіске жеткен. Ол Усманды бесінші раундта нокаутқа жіберген.