Шавкат Рахмонов: Министрден негізі ештеңе сұраған жоқпын

Шавкат Рахмонов: Министрден негізі ештеңе сұраған жоқпын
Жекпе-жек

Жақында UFC лигасында өнер көрсететін қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың жаттығу жиынына мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетіні туралы айтылған. Спортшыға осыған байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды  bassport.kz.

Кәсіби спортшыларды мемлекет қаржыландыра бермейді. Заңда да ондай жоқ. Әуесқой спортта өнер көрсеткенімде аздаған көмек болған. Жалпы, кәсіби жекпе-жек шеберлеріне қолдау болып жатса, бұл жақсы. Өйткені біз Қазақстан атынан шығамыз. Осында тұрамыз. Министр кездесіп, таныстым. Бірақ ештеңе сұраған жоқ. Тек олар қаржылай көмек беретінін айтты. Егер қолдап жатса, неге қуанбасқа?!, - дейді Шавкат Рахмонов "Вестник-ММА" арнасына берген сұхбатында.

Бұған дейін Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов спортшы Шавкат Рахмоновты қабылдап, мемлекет тарапынан жаттығу жұмыстарына қаржылай қолдау болатынын айтқан еді.