Мен қарсылас таңдамаймын - Шавкат Рахмонов

Жекпе-жек
UFC лигасында өнер көрсететін қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов келесі жекпе-жегіне қарсылас таңдау туралы айтты, деп хабарлайды Bassport.kz.
Мен қарсылас таңдамаймын. Бар болғаны Қазақстанға чемпиондық титулды әкелгім келеді. Бұл ойымыз ертерек жүзеге асу үшін өзімнен рейтингте жоғары тұрған спортшыларды жекпе-жекке шақырамын,- дейді Шавкат Рахмонов.
Сонымен қатар ол рейтингте өзінен төмен тұрғандармен де сегіз бұрышта кездесуге дайын екенін жеткізді.
Айта кетейік, 5 наурыз күні таңертең Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткен UFC 285 турнирінде Шавкат Рахмонов америкалық Джефф Нилді (15-5) қылқындыру әдісімен жеңген болатын.