Шавкат Рахмонов мемлекеттен қаржыландырады

Шавкат Рахмонов мемлекеттен қаржыландырады
Жекпе-жек

Ережесіз жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновқа Спортты қолдау қорынан қаржыландыру бөлінеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәлім етті, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Бүгін Қазақстан спортының жарқын жұлдыздарының бірі – Шавкат Рахмоновпен жеке кездестім. Біздің жаужүрек спортшымыз бірінен соң бірі жеңіске жетіп, UFC-ді батыл қадамдарымен бағындырып, отандастарының жүрегіне мақтаныш сезімін сыйлап келеді. Мен Шавкатты жақында америкалық Джефф Нилмен болған жекпе-жекте жеңісімен тағы да құттықтадым және оған алғыс хат табыстадым, - деді Асхат Оралов.

Ол сондай-ақ ол Шавкат Рахмонов келесі жекпе-жектерге дайындалу үшін Спортты қолдау қорынан қаржыландырылатын айтты.

Шавкат бүкіл әлемге Қазақстанды паш етті және осы қадамы үшін біз оған айрықша алғысымызды жеткіземіз. Оның UFC чемпиондық белбеуін жеңіп алуына тілектеспін, толағай табыс тілеймін, - деп жазды министр. 

Айта кетейік, 5 наурыз күні таңертең Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткен UFC 285 турнирінде Шавкат Рахмонов америкалық Джефф Нилді (15-5) қылқындыру әдісімен жеңген болатын.