Норвегиялықтар шаңғы спортынан әлем чемпионатында 12 алтын алды

Норвегиялықтар шаңғы спортынан әлем чемпионатында 12 алтын алды
Қысқы спорт

Словенияның Планица қаласында өткен шаңғы спортынан әлем чемпионатында Норвегия құрамасы топ жарды, деп жазады Bassport.kz. 

Әлемдік дода жексенбі күні аяқталды. Норвегиялық спортшылар жалпы есебі 12 алтын, 10 күміс және 5 қола медаль жеңіп алған. 

Екінші орында 4 алтын, 3 күміс және 5 қола еншілеген швециялықтар орналасқан. Үздік үштікті 3 алтын, 6 күміс және 3 қоласы бар германиялықтар тұйықтады.