"Бір раундта үш рет құлатамыз". Qazaq Style "Канеломен" жұдырықтасуға дайын екендігін жеткізді
Бокс
WBO тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы абсолютті әлем чемпионы мексикалық Сауль Альвареспен жұдырықтасса, жеіске жетеніне сенімді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Спортшы Instagram парақшасында "Сұрақ-Жауап" аударын ұйымдастырып, жанкүйерлерінің сауаладрына жауап берген.
Әлімханұлына "Канеломен бой қашан?" деген сұрақ келіп түскен, спортшы оған:
"Канело туралы сұрақ өте көп екен. Канеломен кез келген уақытта шығуға дайынбыз. Тактикалық тұрғыдан да, техникалық тұрғыдан да дайынмын. Уақыты келсе, Алла орайын келтірсе, онымен жұдырықтасатын күн де алыс емес. Жанкүйерлер сияқты мен де сол күнді асыға күтіп жүрмін. Құдай қаласа, бір раундта үш рет құлатамыз!, - деп жауап берді.
Өткен жылдың 12 қарашасында Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағын қорғады. Ол Дензел Бентлиге қарсы өткізген жекпе-жегінде төрешілердің бірауыздан шығарған ешшімімен жеңіске жеткен болатын.
Спортшы келесі жекпе-жегін мамыр айында өткізуді жоспарлап отыр.