Елеусінов Серік Сәпиев пен жас жекпе-жек шеберінің арасындағы кикілжіңге талдау жасады
Бокс
Бокстан 2016 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов Серік Сәпиев пен еркін күрес шебері Зелимхан Мусиханов арасында туған кикілжіңге қатысты ойымен бөлісті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
“Серіктің бұл жердегі эмоциясы түсінікті. Жас жігітке жұдырық жұмсады дейді, бірақ ол Олимпиада мен әлем чемпионын, Вэл Баркер кубогының иегерін тануы керек”, - деді Данияр Елеусінов өзінің Instagram парақшасында жариялаған видеосында.
Еске салайық, осыдан бірнеше күн бұрын желіде Серік Сәпиевтің жас балуанмен келіспей қалып, жаға жыртысқан видкосы тараған болатын.