Эльмира Сыздықова Мысырда үшінші орын алды, қоржынға тағы екі жүлде түсті

Эльмира Сыздықова Мысырда үшінші орын алды, қоржынға тағы екі жүлде түсті
Күрес

Күрестен Мысырда өтіп жатқан Ибраһим Мұстафа атындағы рейтингтік биылғы екінші турнирдің кезекті жарыс күнінде ел қоржынына үш медаль түсті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Әйелде арасында бақ сынаған отандасымыз Эльмира Сыздықова жұбаныш белдесуінде құрамалас әріптесі Гүлмарал Еркебаевадан басым түсіп, қола жүлдеге қол жеткізді. 

Ал 77 келіде өнер көрсеткен Демеу Жадыраев финалда Айк Мнацаканяннан жеңіліп, күміс иеленді. Осы салмақта бақ сынаған тағы бір отандасымыз Данияр Қаленов қоланы місе тұтты.

Еске салайық, қазақстандық күрес шеберлері жарыстың алғашқы күнінде 7, екінші күнінде 3 медаль жеңіп алды. Қазір ел қоржынында 10 жүлде бар.