Месси бастаған Аргентина құрамасының футболшылары ғаламат камбэк жасап, финалға шықты
fifa.com
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында тарихи ойынның куәгері болдық. Үш дүркін әлем чемпионы Аргентина мен араға 60 жыл салып алтынға қол созғысы келген Англия арасындағы матч драмаға толы өтті, деп хабарлайды Bassport.kz.
Бірінші таймда қос құрама сақ ойнап, есеп ашылмады. Екінші кезеңнің 55-минутында англиялық Энтони Гордон есеп ашып, ағылшындарды финалға жақындатқан еді. Алайда, табандылық танытқан Аргентина құрамасының футболшылары кездесу соңында нағыз камбэк жасады. Ойынның 85-минутында Энцо Фернандес таразы басын теңестірсе, 92-минутта Лаутаро Мартинес жеңіс голын соғып, есепті 2:1-ге жеткізді. Осылайша, турнирде бірде-бір ұпай жоғалтпай, топтық кезең мен плей-оффта Аустрия, Алжир, Иордания, Кабо-Верде, Мысыр және Швейцарияны шаң қаптырған Аргентина финалға жолдама алды.
Биылғы мундиалда тек жеңіспен келе жатқан Лионель Скалони шәкірттері енді бас кубокты Испаниямен сарапқа салады.