Қазақстандық теннисшілер рейтингте төмен сырғыды
Теннис
АТР ерлердің жекелей және жұптық сындарындағы рейтингті жаңартты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Рейтингтің алғашқы үштігінде сербиялық теннисші Новак Джокович, испаниялық Карлос Алькарас пен грекиялық Стефанос Циципас бар. Александр Бублик 50-орнын сақтап қалды. Тимофей Скатов болса, бірлен төрт сатыға төмен сырғып, 129-орынға тұрақтады.
Ал жұптық сында өнер көрсететін Андрей Голубев 44-орынға жайғасса, Александр Недовесов жеті теннисшіні алдына жіберір, 68-орынға табан тіреді.