Биволдың бапкері қазақстандық спортшыны қанатының астына алды

Биволдың бапкері қазақстандық спортшыны қанатының астына алды
Бокс

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шәріпова Малави Рут Чисейлге қарсы өткізетін жекпе-жегіне дайындайтын жаңа бапкерімен таныстырды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

“Бүгін Дмитрий Биволдың бапкері, енді менің де жаттықтырушым Геннайди Юрьевич Машьянов туған күнін атап өтіп жатыр. Бәріміз бапкерді бірге құттықтайық.

Жақында Тайландта ораламын және Малави Рут Чисейлге қарсы кездесуіме Геннади Юрьевичтің қол астында дайындаламын. 


Менің және менің командамның мақсаты - әлемнің абсолютті чемпионы атағы үшін Кэти Тейлормен реванш жекпе-жек өткізу”, - деп жазды Фируза Шәріпова өзінің “Instagram” парақшасында. 

Геннадий Машьянов - WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Дмитрий Биволдың бапкері. Ал ол жаттықтыратын спортшы әлемнің үздік былғары қолғап шебері Сауль “Канело” Альваресті жеңген.