Дидар Хамза Олимпиада жүлдегерінен ұтылып қалды

Дидар Хамза Олимпиада жүлдегерінен ұтылып қалды
Дзюдо

Дзюдодан Португалиядағы Гран-при турнирінде сынға түсіп жатқан Дидар Хамза жартылай финалда сүрінді, деп хабарлайды Bassport.kz. 

90 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Дидар жартылай финалда венгриялық балуан, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Кристиан Тоттан ұтылды. 

Кездесу тағдырын ескерту саны шешіп кетті. Төреші қазақстандық балуанға үш рет шидо беріп, жекпе-жекті тоқтатты. 

Сондай-ақ Камила Берліқаш та (+78 келі) қола медаль үшін күреседі.