"Барыс" овертаймда қарсыласқа есе жіберді

Хоккей
Астананың "Барысы" өз айдынында мәскеулік "Динамоны" қабылдап, жеңіліс тапты, деп жазады Bassport.kz.
Кездесу қарсаңында "Барыс" Шығыс конференциясында 9-орында тұрған болатын.
Ойын есебін Джереми Бракко ашып, "Барысты" алға шығарғанымен, бірінші кезең аяқталғанша қарсыластар таразы басын теңестірді.
Ойынның негізгі уақытында жеңімпаз анықталмай, овертаймда ресейліктер 2:1 есебімен ұтып кетті.
1 ақпан күні "Барыс" қазандық "Ак Барс" клубына қонаққа барады.
"Барыс( (Астана, Қазақстан) — "Динамо" (Мәскеу, Ресей) 1:2 ОТ (1:1, 0:0, 0:0, 0:1)
Шайбалар.
1:0 — 07:02 Бракко (Луис, Борисевич).
1:1 — 17:41 Никонов (Михайлов, Волков).
1:2 — 62:01 Джиошвили.
Қақпашылар: Гудачек — Коновалов