Дзюдодан Гран-при турнирі: Алты балуанымыз жарыс жолынан шығып қалды

Дзюдодан Гран-при турнирі: Алты балуанымыз жарыс жолынан шығып қалды
Дзюдо

Португалияда дзюдодан Гран-при турнирінің соңғы жарыс күні өтуде. Бүгін татамиге шыққан бірнеше балуанымыз жеңіліс тапты, деп жазады Bassport.kz. 

Атап айтар болсақ, 100 келіге дейіні салмақта Нұрлыхан Шархан, аса ауыр салмақтағы Әділ Оразбаев пен Жамбыл Тұрғынәлиев жеңіліс тапты.

Қыздар арасында 78 келіге дейінгі салмақта Аруна Жангелдина мен Назерке Тілеуханова ұтылып қалды. Аса ауыр салмақта Ақерке Рамазанова қарсыласқа есе жіберді. 

Әзірге, 90 келідегі Дидар Хамза мен ауыр салмақтағы Камила Берліқаш турнирді жалғастыруда.