Новак Джокович Australian Open турнирінің 10 дүркін чемпионы

Новак Джокович Australian Open турнирінің 10 дүркін чемпионы
Теннис

Мельбурнде «Үлкен дулыға» санатындағы Australian Open турнирі аяқталды. Ерлер арасындағы финалда сербиялық Новак Джокович топ жарды, деп хабарлайды  Bassport.kz.

Ол шешуші кезеңде грек Стефанос Цициасты жеңді. Қорытынды есеп – 6:3, 7:6(4), 7:6(5). Серб теннисші Аустралия ашық біріншілігін осымен 10-мәрте ұтып отыр. Жалпы, оның еншісінде «Үлкен дулыға» санатындағы жарыстардың 22 кубогы бар.

Атап айтсақ, Australian Open-де -10, «Уимблдонде» - 7, US Open-де -3, «Ролан Гарросте» - 2 рет үздік шыққан. Бұл жағынан Рафаэль Надальмен теңесті.