"Барыстың" ең нәтижелі шабуылшысы ұлды болды

Хоккей

Астананың «Барыс» хоккей клубының шабуылшысы Кирилл Савицкийдің отбасында қуанышты жаңалық. Жұбайы Ксения өмірге сәби әкелді, деп хабарлайды

Менен бүгін қай күн ең сәтті күн десе 29.01.2023 датасын айтар едім. Қымбаттым, маған ұл сыйлағанына алғысым шексіз. Ұлым, бізді таңдағанына рахмет, - деп жазды Савицкий Instagram парақшасында.

Кирилл Савицкийдің биылғы маусымдағы көрсеткішіне келер болсақ, ҚХЛ-жа 45 матчта 8 шайба соқты. Сонымен қатар 6 нәтижелі пас берген.

«Барыс» қазіргі кезде 56 ұпай Шығыс Конференциясында тоғызыншы орында келе жатыр.