Харри Магуайр: Қосалқы құрамда отырғым келмейді

Харри Магуайр: Қосалқы құрамда отырғым келмейді
Футбол

"Манчестер Юнайтед" клубының ойыншысы Харри Магуайр соңғы кезде қосалқы құрамда қалуына қатысты пікір білдірді, деп жазады Bassport.kz. 

Эрик тен Хаг команда тізгінін алғалы бері Харри негізгі құрамдағы орнынан айырылып қалды. 

"Мен 29 жастамын. Осы уақыт аралығында менің мансабымда мұндай нәрсе болған емес. Бұған мойынсұнғым келмейді. Бұл футболдың бір бөлігі. Мен күн сайын жаттығудамын. Тырысып жатырмын. Мүмкіндігім келгенде, пайдалануым керек. Біздің клубқа бәсекелестік керек. Бізде жоғары деңгейдегі орталық қорғаушылар бар. Командаға бәріміз де қажетпіз", - деді Магуайр.