Алдияр Нұрлан: Америкаға ұшып келіп, бірден Кореяға қарсы ойнадық

Алдияр Нұрлан: Америкаға ұшып келіп, бірден Кореяға қарсы ойнадық
Хоккей

Шайбалы хоккейден Қазақстан студенттер құрамасының мүшесі Алдияр Нұрлан Универсиададан алған әсерімен бөлісті, деп хабарлайды "Шайба" сайтына сілтеме жасаған Bassport.kz. 

"Турнир қатты ұнады. Көптеген жылы естелік қалды. Керемет эмоцияларға толы жарыс болды. Қола медаль алғанымыз үшін қуаныштымын. Канадамен өткен матчта бізге физикалық тұрғыдан қиындау болды. Өйткені, олар бізден үлкендеу, физикалық тұрғыдан мықты жігіттер екен. Мұндай жарысқа бірінші рет қатысып тұрмын. Командалардың барлығы да мықты. Оның үстіне, Америкаға бірінші рет келуім бұл. Жолға көп уақыт кетті. Ұзақ уақыт бойы ұшып келіп, бірден Оңтүстік Кореямен ойнадық. Бұл да оңай болған жоқ, десе де, жеңіске жеттік", - дейді Алдияр.