Australian Open-де финалға шыққан Рыбакинаны Ресейдің мақтанышы деп атады

Australian Open-де финалға шыққан Рыбакинаны Ресейдің мақтанышы деп атады
Теннис

Australian Open-2023 турнирінде финалға шыққан Елена Рыбакинаны Ресей теннис федерациясының президенті Шамиль Тарпищев мақтай жөнелді, деп хабарлайды Bassport.kz. 

"Біз де оған жанкүйерміз. Ол өте жақсы, жұмсақ ойыншы. Өмірде де өте жақсы қыз. Ол мәскеулік. Сондықтан Рыбакинаны Ресейдің мақтанышы деп айта аламын. Оны 18 жасқа дейін тәрбиелеген елді айтамын. Қазақстанға келер болсақ, ешқандай негативті жағдайлар жоқ", - деді Тарпищев. 

Айта кетелік, Елена Рыбакина 2018 жылдан бері Қазақстан намысын қорғап келеді.