"Бай қалыңдық": Елена Рыбакинаның финалдан соң қанша ақша тапқаны мәлім болды

Теннис

Ресейлік Championat.com басылымы Елена Рыбакинаның Австралия ашық біріншілігінен соң қанша пайда тапқанын жариялады, деп жазады Bassport.kz. 

"Елена Рыбакинада 6 389 853 АҚШ доллары бар еді. Ол жекелей сында үш титул жеңіп алған. Енді кешегі финалдан соң қазақстандық спортшы  1 120 000 АҚШ долларын алады. Бұл шамамен 516 млн теңге. Сондай-ақ ресейлік Анастасия Павлюченковамен жұптық сында өнер көрсеткені үшін 46 418 доллар алады. Бұл теңгеге шаққанда 21 миллионнан асады. Өз мансабында Рыбакина 7 556 261 доллар пайда тапқан. Ал Арина Соболенконың гонрары 14 миллион доллардан асып түседі", - деп жазды басылым. 

Айта кетелік, Елена Рыбакина финалда үш сет қорытындысы бойына Арина Соболенкоға есе жіберді.