Ресейлік боксшылар ұзақ үзілістен соң шаршы алаңға қайта оралды

Ресейлік боксшылар ұзақ үзілістен соң шаршы алаңға қайта оралды
Бокс

Халықаралық Олимпиада комитеті бастаған әлемдік спорт ұйымдары Ресей спортшыларын барлық ірі жарыстан шеттеткен болатын. Былтырдан бері ірі турнирге қатыспаған ресейлік боксшылар үшін жол ашылды, деп жазады Bassport.kz.

Ресей құрамасы Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастыратын барлық жарысқа қатысу құқығын алды. Бұған IBA-ны ресейлік бизнесмен Умар Кремлевтің басқарып отырғаны себеп болған.
Кремлев Ресей спортшыларының жарысқа өз елінің туы мен әнұранын қолдана отырып, қатысуға мүмкіндік берген. Еске сала кетейік, Ресей спортшылары 2018 жылғы Пхенчхан Олимпиадасынан бастап нейтралды ту астында өнер көрсетуде.

Ал 2021 жылдың ақпанынан бастап барлық ресейлік спортшының әлемдік турнирге қатысуына толықтай тыйым салынған.

Осы орайда, Ресей құрамасы Марокконың Марракеш қаласында өтетін халықаралық жарысқа қатысады. Турнирде бақ сынайтын боксшылар қатарында Токио Олимпиадасының жүлдегерлері де бар.

Аталған сынға Қазақстан әйелдер құрамасы да қатысады.