Ербол Хамитов әлем чемпионатындағы үшінші медалін жеңіп алды

Ербол Хамитов әлем чемпионатындағы үшінші медалін жеңіп алды
Қысқы спорт

Швецияның Эстерсунд қаласында өтіп жатқан парашаңғы мен парабиатлоннан әлем біріншілігінде қазақстандық Ербол Хамитов үшінші медалін жеңіп алды, деп хабарлайды bassport.kz.

Ербол Хамитов парабиатлоннан 12,5 шақырымға жарысудан әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанды. Оның уақыт көрсеткіші - 41:37,9.

Бұл қашықтықта алтын медальді америкалық Арон Пайк, күмісті германиялық Скот Минах жеңіп алған.

Еске сала кетейік, Ербол Хамитов әлем чемпионатындағы үшінші жүлдесіне қол жеткізіп отыр. Бұған дейін ол парабиатлоннан 7,5 шақырымға жарысудан қола медаль иеленсе, парашаңғыдан спринтерлер арасындағы сайысты әлем чемпионы атанды.

Ербол Хамитов 19 жасында оқ жарақатынан бір аяғынан айырылған. Алғашында ережесіз жекпе-жекпен шұғылданған кәсіби спортшы бүгінде параспорттан ел намысын абыроймен қорғап жүр