IBA бір жыл ішінде боксшыларға 8 миллион долларға жуық ақша таратқан

IBA бір жыл ішінде боксшыларға 8 миллион долларға жуық ақша таратқан
Бокс

Халықаралық бокс қауымдастығы (ІВА) бір жыл ішінде өткен турнирлерде жарыс жеңімпазы мен жүлдегерлерге 8 миллион долларға жуық сыйақы төлеген, деп жазады Bassport.kz.

IBA мұндай қадам арқылы ұйымды әрі қарай дамытып, спотқа қолдау көрсетіп отырғанын мәлімдеді.

"Ақшалай сыйақы спортшылардың өмір сүру деңгейін арттырып, спорттық мансабынан кейінгі өміріне де қажетіне жарап жатыр. Бұл бокс үшін үлкен қадам. Боксшыларға ақшалай сыйақы беру арқылы бокстың беделін де өсірдік. Аталған спорт түрі жанкүйерлер мен көрермендерге өте қызық", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бокстан биылғы әлем біріншілігі мамыр айында Өзбекстан астанасы Ташкентте өтеді.