Ұлттар лигасының жартылай финалында Испания мен Италия кездесетін болды

Ұлттар лигасының жартылай финалында Испания мен Италия кездесетін болды
Футбол

УЕФА Ұлттар лигасының жартылай финалдық кезеңінде кездесетін командалардың жеребесін жариялады, деп хабарлады Bassport.kz. 

25 қаңтарда өткен жеребе нәтижесі бойынша, Испания мен Италия, Нидерланд пен Хорватия құрамалары жолығады. 

Айта кетелік, "Төртеудің финалы" деп ат алған турнир 14-18 маусым аралығында Нидерландта өтеді. Өзара матчтарды Роттердам және Энсхед қалалары қабылдайды. 

Финал 18 маусымға жоспарланған. 

Бұған дейін аталған турнирде Португалия (2019), Франция (2021) құрамалары жеңіске жеткен.