"Канело" қазақ әніне биледі (видео)

Бокс

Орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес жаттығу залында қазақ әніне биледі, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Спортшының "Тойға шашу" әніне билеген сәтін "Suleimen Promotions" промоутерлік компаниясы жариялады. Бұл бейнежазба өткен жылы промоушен боксшыларының Альвареспен бір залда жаттығу жасаған кезінде түсірілген. 

"Әлемге әйгілі боксшы, абсолютті чемпион, біздің серіктес Сауль "Канело" Альвареспен бірге өткізген дайындық біздің жігіттер үшін мол тәжірибе болды. Жаттығудағы әр сәт пайдалы әрі қызықты өтті. Танымал былғары қолғап шеберімен бір залда дайындалу екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың артуына сеп болды. Канело Қазақ елі мен өнерін қатты құрметтейді. Әсіресе, қазақ әндерінен керемет әсер алып, билегенді жақсы көреді. Бұл сол сәттен үзінділер", - деп жазылған компанияның Instagram парақшасында.