Майк Тайсон екінші рет зорлық-зомбылық жасады деп айыпталып отыр

Майк Тайсон екінші рет зорлық-зомбылық жасады деп айыпталып отыр
Бокс

Ауыр салмақтағы экс абсолютті әлем чемпионы Майко Тайсон екінші рет зорлық-зомбылық жасады деп айыпталып отыр, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі "Daily Mail" басылымына сілтеме жасап. 

Оған 1990 жылдардың басында Олбанидегі түнгі клубтардың бірінде кездескен әйел адамға зорлық-зомбылық көрсеткен айып тағылуда. Осы жылдың қаңтар айында жәбірленуші сотқа шағым түсірген. 

Бұған дейін Майк Тайсон 1992 жылдың 10 ақпанында Дезире Вашингтонға зорлық-зомбылық жасап, алты жылға бас бостандығынан айырылған. Алайда ол 3 жылдан соң бостандыққа шыққан еді.