Кот-д’Ивуарлық қорғаушы Қазақстанға қайта оралды
Футбол
32 жастағы Кот-д’Ивуарлық қорғаушы Дидье Борис Кадио Қазақстанға қайта оралып, “Жетісу” футбол клубымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Бұл туралы клубтың баспасөз орталығы мәлімдеді.
Легионер бұған дейін де қазақстандық клубтарда өнер көрсетті, атап айтса, 2014, 2016 жылдары “Жетісудың”, 2017 жылы “Шахтердің” намысын қорғаған.
Жалпы, қорғаушы ҚПЛ турнирлерінде 57 матчқа қатысып, 2 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.
Соңғы рет, нақтырақ болсақ, 2021 жылдың ақпанынан бастап Арменияның “Алашкерт” командасы құрамында (Армения Премьер-Лигасы-2022/2023 - 16-0+1) өнер көрсеткен.