“Барыстың” 10 жастағы ойыншысы ерекше голмен көзге түсті (видео)

“Барыстың” 10 жастағы ойыншысы ерекше голмен көзге түсті (видео)
Хоккей

“Барыс” хоккей клубы мектебінің тәрбиеленушісі Аңсар Мырзабеков Ресейдегі турнирде лакросс-гол соқты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі “Golovoi ob led” Instagram парақшасына сілтеме жасап. 

Астаналық клубтың 2013 жылғы балалар командасында жаттығатын жас хоккейші лакросс-гол соғудың шебері көрінеді. Осы стильдегі кезекті шайбасын ол Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан “Ледокол” турнирінде соққан. 

Айта кетелік, биылғы маусымда “Барыс” шабуылшысы Егор Петухов лакросс стилінде екі гол соққан болатын.